Банктің «қара тізіміне» енгендер үшін жақсы жаңалық шықты – Тоқаевтың жарлығы

-

Ұлттық банк коллекторлық компанияға өткен кредиттің қандай жағдайда кешірілетінін айтты.

Sputnik. Ұлттық банк коллекторлық компанияларға кетіп қалған кредиттерді мемлекет тарапынан өтеуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, президенттің жарлығы бойынша екінші деңгейлі банктер мен микроқаржыландыру ұйымдарының балансында тұрған кредиттер мемлекет тарапынан өтеледі. Осы тізімге коллекторлық компанияға кетіп қалған несиелер кірмейді. Алайда кредитті коллекторға берудің екі формасы бар.

«Біріншіден, банктер кредитті өтеу шараларын коллекторлық компанияға тапсырғанда кредитті өз балансында қалдыруы мүмкін. Ондайда коллекторлар тек банктің атынан қарызды өтеуді талап етеді. Банктің балансында тұрған мұндай кредиттер мемлекет тарапынан өтеледі. Ал банк кредитті коллекторлық компанияға сатып жіберсе, ол баланстан кетіп қалады. Бұл – банктің коллектормен жұмыс істеудің екінші формасы. Осы санатқа жататын кредиттер мемлекет тарапынан өтелмейді», – деді Смоляков астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, тамыз айында 507 363 адамнан тұратын нақты тізім әзірленген болатын. Сол бойынша 105 миллиард 174 мың теңгенің кредиттері өтелді. Қарыз бен шағын кредиттердің жалпы саны 630 мыңнан асты.

«Олардың ішінде 263 525 азаматтың кредиті толығымен өтелді. Бұл барлық азаматтың жартысын, нақты айтсақ, шамамен 52 процентін құрайды. Осы орайда айта кеткен жөн, үкімет қаулысы бойынша мемлекет тарапынан кредитті өтеу кезекпен атқарылады. Алдымен жылдық мөлшерлермесі жоғары кредиттер өтеледі. Одан кейін берешегі көп займдар және мерзімі жағынан ерте рәсімделген кредиттер келеді. Жұмыс осы кезекпен жасалады», – дейді Смоляков.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...