Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

Елдің басым бөлігінде қатты жел, тұман, бұрқасын болады. Бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланып отыр

-

Синоптиктер сәрсенбі, 6 қараша күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз. Сондай-ақ, жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста бұрқасын күтіліп отыр.

Дабылды ескерту

Сәрсенбі күні Қостанай және Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Түркістан облысында да жылдамдығы 15-20 м/с қатты жел соғады.

Өңірлердегі ауа райы

Метеорологтар Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болатынын айтып отыр. Күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан өңірлерінде тұман және көктайғақ, Шығыс Қазақстанда бұрқасын болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында тұман болады. Маңғыстау, Түркістан өңірлерінде жел күшейіп, секундына 15-20 метрге жетеді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Сәрсенбі күні астанада дабылды ескерту жарияланды. 6 қараша күні тұман және көктайғақ болады. Түнде минус 3-5 градус, күндіз 0-2 градус салқын.

Алматыда да түнде -3, күндіз 3-5 градус. Күн құбылмалы.

Шымкентте түнде 4-6 градус салқын болады, күндіз 5-7 градус жылы.

Загрузка...
Загрузка...
Дереккөзіsputniknews.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...