Нұрғали Нүсіпжановтың жас әйелі тағы бір қырынан танылды

-

Журналист ретінде танылған Жадыра Сейдеш халық әртісінің концертін жүргізді. 

Sputnik. Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов «Жаркент-Арасан» шипажайында ойламаған жерден концерт берді. Көңілді кешті әншінің әйелі жүргізген.

Шипажайдың Youtube-тегі каналында концерттен үзінді жарияланды.

«Армысыздар, ардақты ағайын! Курортта концерт береміз деп жоспарлаған жоқпыз. Әсіресе менің жүргізуім аяқ астынан болып тұр. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін. Алып жатқан емдеріңіз күш-қуат беріп, Алла туған жерлеріңізге аман-есен баруды жазсын.Қасиетті жер жәннаты Жетісуға Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов алғаш рет келіп отырған жоқ. Осы өңірден түлеп ұшты. Сондықтан жерлестеріңізді шақыруға рұқсат етіңіздер», – дейді Жадыра Сейдеш.

Сахна төріне шыққан әртіс: «Мақтауымды жеткізген секілді. Сіздерге сәлем беріп, кете берсем де болады-ау деймін», – деп қалжыңдайды.

«Жаркент-Арасан» шипажайының әкімшісі Ақерке Тоқпаева Нұрғали Нүсіпжанов пен жары шипажайда қанша күн болғанын айтты.  Айтуынша, халық әртісінің концертіне шипажайдағы демалушылардан бөлек, жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары да келген.

«Нұрғали Нүсіпжанов атамыз шілде айында жарымен бірге он екі күн демалды. Кететіне бір күн бұрын қалғанда, шипажайда концерт берді. Осы жерде жарымен бірге жүрді, көзбе-көз көрдік. Бірақ, концертіне қатыса алмадым», – деді «Жаркент-Арасан» шипажайының әкімшісі Ақерке Тоқпаева Sputnik Қазақстанға.

Айта кетейік, өткен айдың соңында 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың 37 жастағы Жадыра Сейдешке үйленгені белгілі болды. Үйлену тойына әртістің ең жақын достары қатысқан.

Жадыра Сейдеш 1982 жылы дүниеге келген. Ұлттық арна, Қазақ радиосы, КТК арнасында көп жыл журналист болып істеген. Ол тележүргізуші ретінде халыққа танылды. 2015 жылы «Жүрекжарды» авторлық бағдарламасы үшін «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Ашық дереккөздегі ақпаратқа сүйенсек, Нұрғали Нүсіпжановтың бірінші әйелінен Бибігүл, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзада атты бес баласы бар.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...