Синоптиктердің болжамынша, ертең бірнеше өңірде бұрқасындатып, қатты жел соғады, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК республиканың бірқатар облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

13 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай қаласында да –  бұрқасын, жел (15-20 м/с).

Ал Солтүстік Қазақстан облысында кейбір аймақтарда бұрқасын соғады, тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін барады деп болжанып отыр. Петропавлда да бұрқасындатады, жел күшейеді.

Сондай-ақ, ертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде – бұрқасын, көктайғақ, жел (15-20 м/с). Ақтөбе қаласында түнде бұрқасындатып, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с дейін барады.

13 қаңтарда Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.

13-15 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. 13 қаңтарда күндіз, 15 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады деп ескертті синоптиктер.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...