Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты барлық жолдар жабылды.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, қатты боранға байланысты жолдар таңғы сағат 6.00-ден бастап жабыла бастады. Атап айтқанда, алдымен республикалық маңызы бар «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бисен-Сайқын», «Орал-Тасқала-РФ шекарасы», «Подстепный-Федоров-РФ шекарасы» бағытындағы жолдарға шектеу қойылды.

Жергілікті сағат 09.00-ден бастап барлық жолдар жабылды. Облыс орталығы Орал қаласында да жел ұйтқи соғып, боран болып тұр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын да өңірде барлық жолдың жабылғанын, кеше ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жасалғанын жазған болатынбыз.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...