“Үйдегілер қоштаса бастаған”: Ләйлә Сұлтанқызы өлім аузынан қалды

Загрузка...

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «арғы өмірге» барып келгенін айтты. Ол осыдан 10 жыл бұрын болған оқиғаны еске алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тележүргізуші Instagram желісінде есінен танып, жансақтау бөлімінен біра-ақ шыққан кезі туралы айтты. Бұл жайт Сұлтанқызының басынан 10 жыл бұрын өткен екен.

«Негізі мен «арғы өмірге» бір рет барып келгенмін. Бірақ қап-қара туннельді де, жайқалған жасыл ағашты да көрген жоқпын. Оқиға былай болды: осыдан шамамен 10 жыл бұрын таңертең тұрғаным сол, бір-екі қадам жасай сала талып қалғаным бар.

Жедел жәрдем келем дегенше, үйдегілер менімен қоштаса бастаған ғой. Есімді жисам, жан сақтау бөліміндемін…», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

«Шүкір, бастысы артынан бәрі реттелді» деген тележүргізуші әңгімесін осы жерден үзген.

Загрузка...
Загрузка...
Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: