Сирияда кепілдікте болған Қазақстан азаматтары отанға оралды. Бұл туралы елбасы мәлімдеді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 6 қаңтарда гуманитарлық операцияның сәтті атқарды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Қазақстанның 47 азаматы, оның ішінде 30 бала Сириядан көшірілді. Олар алданып Сирияға барып, кепілде болғандар”, – деді Назарбаев.

Қазақстанға оралған әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан алғашқы көмек көрсетілді.

“Бұл кінәсіз адамдар өздерін құтқарғаны үшін алғысын айтып, қуанышқа бөленді. Бір ай бойы бейімдеу жұмысы жүріп, тиісті медициналық көмек көрсетіледі. Осыған ұқсас жағдайды болдырмау үшін шаралар күшейтілді”, – дейді Назарбаев.

Елбасы Қазақстанның өз азаматтарын қай елде болмасын қорғайтынын атап өтті.

Ел билігі соғс алаңында еріксіз жүрген отандастарымызды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Елге оралған 47 адамның 11-і әйел, 30-ы балалар Балалардың жасы 1-5 жасқа дейінгі аралықта.

“Қазір маған Қазақстанға көп міндетім бар секілді көрінеді. Не күлерімді, не жыларымды білмеймін. Шоктық күй кештім. Өз елімді сатып кеткендей болдым. Бірақ елім мен сатпады, қайтарып алды. Мені азаматтығымнан айыруға болар еді. Өкінетінім – қанша уақытымды жоғалттым”, – дейді Сириядан оралған әйел.

2017 жылдың желтоқсан айындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегі бойынша, Сириядағы, Ирактағы соғыс аймағында 390 бала бар еді. 16 жасқа толмағандар ішінде 214-і ұл ал, 176-ы қыз бала.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...