Алматы облысында подъезге кіріп бара жатқан әйелді жас жігіт тонап кетті.

Алматы облысында ұры үй подъезінде әйелге шабуылдады. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Тонау оқиғасы Іргелі ауылына 29 жетоқсан күні болған. Видеороликті жіберуші әйелдің сырғасын шешіп алғанын айтады.

Видеодан жігіттің әйелдің артына келіп қылқындырғанын, кейіннен басынан екі рет теуіп қашып кеткенін көруге болады. Әйел оны ұстамақ болғанымен, жігіт қашып кетті.

Облыстық полиция департаментінде оқиғаның болғанын, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

 

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...