Әлеуметтік желіде Алматы облысының жол полицейлеріне шүйліккен жүргізушінің видеосы тарады.

Ол Мұқыры ауылының маңына криспи жылжымалы фоторадарлы кешені заңсыз қойылды деп шу шығарған. Пагондағылар қапелімде тоқтаусыз сөзбен түйреген жүргізушіге жағдайды жөнді түсіндіру былай тұрсын, өздерін таныстырмады да. «Аш бәледен қаш бәле» деді ме, басында біздікі емес деген камераны жинап, шудан бастарын ала қашқандай. Облыстық полиция департаменті болса, тәртіп сақшыларының ол жерге фоторадарлы кешенді қоюы ешқандай заңға қайшы емес дейді.

«Автожолдың сол учаскесіндегі жылдамдық тәртібін бұзуды анықтауға бағытталған. Аталған құрылғының тиісті құжаттары, сертификаттары бар. Барлығы бар. Ал тәртіп сақшылары мен жүргізушінің арасындағы түсінбестікке қатысты қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша орын алған жағдайға құқықтық баға берілетін болады», — деді Серік Үпиев, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі.

 

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...