Алматыда тағы бір топ полицей қамауға алынды. Пара алды деген күдікпен ұсталғандардың барлығы лауазымды орындарда жұмыс істеген деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бұл жайында қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім еткен.

Олардың барлығы Алматы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері болып шықты.

Дзигалюк И.И., Нысанбаев Б.Р., Орынбаев А.Д. және Арашев А.В. 29 желтоқсанда Алматы қалалық мамандандырылған тергеу сотының үкімімен екі айға қамалды.

Бұлтартпау шарасы туралы арызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы  берген.

Полицейлердің үстінен  ҚР қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі, 1-4 тармағы («Пара алу, қорқытып алу жолымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, iрi мөлшерде, бірнеше рет жасалса») бойынша айып тағылды.

Егер төртеудің қылмыстық ісі дәлелденсе дүние  мүліктері  тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылуы немесе  алған параны алпыстан жетпіс еселенгенге дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...