CІМ Трамптың Қазақстан туралы айтқан сөзіне жауап берді

-

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстан туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. Трамптың сөзі кезінде АҚШ-тың қорғаныс министрінің көпшілік алдындағы сөзін жазып берген Гай Снодграсстың  кітабында жарияланды.

Holding the Line: Inside Trump’s Pentagon with Secretary Mattis авторы өткен жылдың қаңтар айында Пентагонда штаб басшылары комитетінің бірлескен кездесуіндегі АҚШ президентінің сөзін мысалға келтірген. Жиында Ауғанстанға қолдау көрсету мәселесі талқыланған болатын.

Қарулы күштер өкілдерімен өткен кездесуде Трамп әскери шығынды сөз етті.

Кітап авторының айтуынша, Дональд Трамп Ауғанстан туралы сөзінде «біз (АҚШ – Sputnik) өзімізден басқаның бәріне көмектесеміз» деген болатын.

«Қазақстан өте бай мемлекет екенін білесіздер. Менің соңғы сапарым кезінде олар (кім екені нақтыланбайды) бізге «рахмет» айтты. Бірақ олар неге бізге төлемейді? Неге күресуге күш салмайды?», – деп жазады Гай Снодграсс өзінің кітабында Трамптың сөзін келтіріп.

Сыртқы істер министрлігінің жауабы

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде Трамп ресми сапармен Қазақстанға ешқашан келмегенін айтты.

«Мүмкін ол басқа ел туралы айтқысы келген шығар», – деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, АҚШ Қазақстанның Ауғанстанның дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайды. Біздің еліміз Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық және білім саласында қолдау көрсетеді.

«Бұл өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің ортақ міндетіміз», – деді Смадияров.

Дональд Трамп бұған дейін де өз мәлімдемелерінде қателескен болатын. Мәселен, қазан айының ортасында Италия басшысы Серджо Маттарелламен өткен баспасөз мәслихаты кезінде Трамп АҚШ пен Италияны ортақ мәдени, саяси мұра байланыстыратынын айтқан болатын. Оның айтуынша, бұл мұра тарихы сонау Көне Рим заманынан бастау алады. Оның сөзі Италия тарапының аудармашысын қатты таңғалдырды.

Сондай-ақ, Трамп Маттарелланың тегін де шатастырып алып, танымал италиялық ірімшік «Моцарелла» сынды айтты.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...