Алматыдағы төбелес видеоға түсіп қалды

-

Алматыдағы жаппай төбелестің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды. Оқиға қарашаның 1-нен 2-сіне қараған түні Желтоқсан көшесіндегі караоке-барда болған.

Видеода адамдардың арасында екі жігіттің бір-бірін итеріп тұрғаны көрінеді. Әйелдердің айғайлаған даусы естіледі.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелескендердің ешқайсысы арыз жазбағанын айтты. «102» нөміріне де ресми өтініш түспеген.

«Видео жарияланған соң Бостандық ауданы полициясының басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы («бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Төбелескендердің бәрі анықталатын болады. Кейін заңнамаға сәйкес шара қолданылады «, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл бап бойынша ірі көлемдегі айыппұл немесе екі жылға бас бостандығын шектеу шарасы қарастырылған.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...