Бөтен нөмір несімен қауіпті?

-

Арнайы сервистің көмегіне жүгінген қазақстандықтар өз атына мыңдаған нөмірдің тіркелгенін көріп, жағасын ұстаған. Салаға жауапты министрлік бұл жағдайды түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Қазақстанда 42 миллион SIM-карта тіркелгені белгілі болды. Ал кейбір тұрғынның атында тіпті 30-40 мың нөмір тіркеуде тұрғаны анықталып отыр. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко осылай айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Комитет төрағасы министрліктің арнайы сервисті іске қосқанын атап өтті.

«Онда үш қызметті пайдалануға болады: нөміріңіздің тіркелген-тіркелмегенін білу, ұялы телефон мен ЖСН-ның тіркелгенін, әрі ЖСН арқылы атыңызға қанша нөмірдің тіркелгенін білу. Тұрғындар сервисті жиі пайдаланатын болды. Олар белсенді түрде нөмірлерін тексере бастады», – дейді Виталий Ярошенко орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасы елімізде қанша SIM-карта сатылғанын айтты. Бұл үшін мемлекеттік орган Қазақстанның ұялы байланыс операторлары абоненттерінің статистикасына жүгініпті.

«Елімізде 42 миллион SIM-карта сатылған және олар қолданыста. Ал халық саны – 18 миллион. Яғни, статистика бойынша әр азаматқа орташа алғанда екі-үш SIM-картадан келеді. Жоғарыдағы сервисті пайдаланып, кейбір тұрғындардың екі-үш нөмірі бар екенін, ал кейбірінің атына 30-40 мың нөмір тіркелгенін анықтадық. Адамдар өз аттарына мұнша нөмірдің тіркелгенін білмеген», – деді телекоммуникациялар комитетінің төрағасы.

Бөтен нөмір несімен қауіпті?

Виталий Ярошенко ұялы телефон нөмірін бөтен адамның атына тіркеу несімен қауіпті екенін айтты.

«Мұндай жағдайда сіз өзге адамның атынан әрекет жасайсыз. SIM-картадан айырылып қалу қаупі де бар. Себебі бұл SIM-карта басқа адамның атына тіркелген. Ол кез келген уақытта ұялы байланыс операторының кеңсесіне келіп, өтініш жаза алады. Осылайша, SIM-карта бұғатталады. Карта иесі нөмір арқылы кімдерге қоңырау шалынғанын, интернет-трафик, смс туралы мәлімет ала алады», – дейді Ярошенко.

Ол SIM-карта иесі нөмірді бұғаттаған кезде ондағы бірліктерді басқа нөмірге ауыстыруға құқы бар екенін атап өтті. Комитет төрағасы бөтен адамның атына тіркелген нөмірді пайдаланбауға кеңес берді. Себебі оның салдары жаман болуы мүмкін.

«Бөтен адамның атына немесе сіздің атыңызға тіркелген нөмірді басқа азамат пайдаланған кезде не болуы мүмкін? Нөмір көмегімен заңға қайшы әрекеттер жасалуы ықтимал. Алдымен құқық қорғау органдары ұялы байланыс операторына хабарласады. Нөмірдің сіздің атыңызға тіркелгенін біліп, сізге келеді. Кейін бұл нөмірді пайдаланып, қылмыс жасаған адамды іздейді. Бұл қолайсыздық тудыратыны анық. Сондай-ақ, бөтен адамдар сіздің атыңызға тіркелген SIM-картаны пайдаланып, кредит алуы мүмкін. Кейін коллекторлық компаниялар сізге хабарласады», – деді комитет төрағасы.

Бөтен нөмірлер қайдан жүр

Виталий Ярошенконың айтуынша, тұрғындар жауапсыз дилерлердің қызметінен зардап шеккен.

Ұялы байланыс операторларының өкілдері Sputnik Қазақстанға мыңдаған бөтен нөмірді техника және электроника сататын дүкендердің тіркегенін айтқан. Тұрғындар затты кредитке немесе бөліп төлеу арқылы алғанда өздерінің жеке мәліметін жария етіп, осындай жағдайдың құрбаны болған.

Бөтен нөмірден қалай құтылуға болады

Қазақстандықтар арнайы сервистен атына қанша нөмір тіркелгенін ғана көре алады. Ал нақты қандай нөмірлер бар екенін білу, оны тіркеуден шығару үшін ұялы байланыс операторының кеңсесіне бару қажет.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...