Айсұлтан Назарбаев әлеуметтік желіде Ресейдің құқық қорғау органдарына жазба қалдырып “қайтадан бостандыққа шыққаны үшін” алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

“Менің үлкен үзілістен кейінгі алғашқы жазбам— алғыс айту жазбасы. РФ-ның бас прокуратурасына, РФ ІІМ-ге, РФ ІІД-ге, РФ ФСБ-ға рахмет айтамын. Мен қайтадан бостандықтамын. Менің парақшамда қалған оқырмандарыма да рахмет. Бізде талқылайтын әңгіме бар”, — деп жазды Назарбаев Facebook желісіндегі парақшасында.

2018 жылдың жазында БАҚ Айсұлтан Назарбаевтың жоғалып кеткенін, еркінен тыс ұсталып отырғанын жазған еді. Ол соңғы жазбасын 2017 жылдың 19 қыркүйегінде қалдырып, әлеуметтік желіге кірмеген болатын.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...