Қазақстан президентінің баспасөз қызметі архивтегі видеоны жариялады, онда Нұрсұлтан Назарбаев өз өміріндегі ең күрделі шешімді еске алады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сұхбаттарының бірінде 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялау неліктен оңай болмағанын айтқан.

Видеоны Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында жариялады.

«Тұтас халықтың тағдыры сенің шешіміңе байланысты болған кезеңді ең қиын сәт дер едім. Қазақстан әлемдегі ең көпұлтты республика болды – 130 ұлт пен ұлыс, 45 діни конфессия бар, ал енді тәуелсіздікті жариялау туралы шешімді қалай қабылдау керек?» – деп еске алды Назарбаев.

Сонда мемлекет басшысы халық тәуелсіздікті жариялаудан басқа жол жоқ екеніне көз жеткізуі тиіс екенін түсінген.

«Елді басқа арнаға бұру үшін шешім қабылдау керек болды… 1992 жылы дүкен сөрелері бос қалғанын ендігі бәрі ұмытты – қант, тұз, нан, киім-кешек болмады», — деді мемлекет басшысы.

Назарбаев президент ретінде халқы, елі үшін барлығын жасауға бел буғанын атап өтті.

Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында егемен ел атанды. Мемлекет бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасынан ең соңғы болып тәуелсіздігін жариялады.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...