Мәдина Оспановаға: «Қарғыс атсын. Төреғалидің әйелінің көз жасына қалдың»

-

Төреғали Төреәлімен бірге комедияда басты рөлді сомдаған актриса Мәдина Оспанова әншімен ара-қатынасы туралы шындықты бөлісті. Айтуынша, араларында сезім түгіл, берік достық та жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Арамызда ешнәрсе жоқ. Төреш аға екеуіміз съемкі барысында тек актерлер секілді қарым-қатынаста болдық. Тіпті, съемкі бітіп, режиссер «стоп» дегеннен кейін бізді таппайсыздар. Мен өз үйіме, ол кісіге өз үйіне кетіп қалады. Өмірде де қатты көріспейміз. Тек арасында өнер көрсеткен кездерде ғана. Арамыз жақсы, ешқандай кикілжің болған жоқ. Көбісі «Төреғали қалай екен?» деп сұрап жатады. Мен «нормально» екенін айтамын», – дейді актриса ару.

Алайда желі қолданушылары Мәдинаны әншінің екінші әйелі етіп қойған еді. Тіпті, осы қауесетке сеніп, өзіне жағымсыз пікір жазатындардың қарасы көп екенін жасырмайды.

«Сол нәрсені түсіне алмаймын. Әлі күнге дейін дайректі ашып қалсам, «Ұятсыз, сен сол Төреғалидің әйелінің көз жасына қалдың, қарғыс атсын» деген ауыр нәрселер жазады. Жоқ, қойыңыздаршы. Соншама не істеп қойдым? Менің оларға мүлдем қатысым жоқ. Біз, тіпті, өмірде араласпаймыз да. Бізде бар болғаны «Барлығы төсек арқылы» деген стереотип қалып қойған. Басты рөл ойнағандардың бір-біріне ғашық болып қалатыны тағы да бар», – дейді Мәдина Оспанова.

Сондай-ақ, бойжеткен актерлердің тек бір-біріне ойнаған кейіпкерлерге ғашық болатынына тоқталды. Яғни фильмнен кейін қосылса да, кейін ажырасып кетіп жатады.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...