Қарсыласын жеңген балақай өзін Макгрегор сияқты сезінген
Желіде жылдам тарап жатқан видеода кішкентай қазақстандық қарсыласын жеңген соң ММА файтері Конор Макгрегор сияқты жүріп өтті.
Sports.kz хабарлағандай, Қазақстанда грек-рим күресі бойынша турнирде кішкентай «Макгрегор» өзінің кумирінің көпшілікке танымал жүрісін салыпты. Оған көрермендер ду қол шапалақ соғып, қошемет көрсетті.
Естеріңізге сала кетсек, аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор соңғы кездесуінде Хабиб Нурмагомедовтан жеңіліп қалды. БАҚ бұл кездесуді ғасыр жекпе-жегі деп атаған. Ресейлік төртінші раундта ирландиялық спортшыны қылқындыру әдісімен жеңді.
Сөйтіп, Нурмагомедов орташа салмақта UFC чемпионы болып қалды, ал Макгрегор болса қарымта кездесуді талап етіп отыр.
Загрузка...
Загрузка...
Загрузка...
Загрузка...