Ақтауда 38 жастағы әйел туған інісінің кеуде қуысан пышақ сұғып алған.

Бұл оқиға 4-шағынауданында әйелдің үйінде болған.  Ұрыс-керістің арты төбелеске әкелген. Соңында шыдамы таусылған ол туысқанына пышақ сұғады.

Жарақат алған ер адам жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіледі.

Айыпталушы кінәсін толығымен мойындады. Айтуынша, ол інісін ұрмақшы болған. Алайда, ашумен кеудесіне пышақ сұғып алыпты. Сонымен қатар, әйел інісінен кешірім де сұрап үлгерген. Әйел бір қызы мен зейнеткер анасын бағып отыр.

Сотта жәбірленуші болған оқиғаға өзінің де кінәлі екенін айтты. Ол мас болғанына қарамастан әпкесінен арақ алуға ақша сұраған. Әйелдің ашуына тиетіндей қылық көрсеткенін мойындады.

Алайда, судья Гүлнар Байтуарова айыпталушы бәрібір де жасаған қылмысы үшін жазаланатынын айтады.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...