Филиппиндегі провинциялардың бірінде адам жейтін алып қолтырауынды ұстады.

Жыртқыштың ұзындығы 4,75 метр, салмағы 400-500 кг. Бұл жыртқыш жергілікті балықшыны өлтірген, деп хабарлайды КТК. 35 жастағы балықшының мәйітінің қалдықтары 28 қараша сәрсенбіде табылды. Өлген адамның денесі крокодил тістері арқылы жараланған. Енді мамандар қолтырауынды жабайы жануарларды өсіретін орталыққа жібермекші.

Крокодил планетада ең ірі жыртқыштардың бірі болып саналады. Бұл қолтырауындардың ұзындығы 7 метр, салмағы екі тоннаға дейін барады. Олар Үндістанның шығыс жағалауында, Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдерінде, Папуа-Жаңа Гвинеяда және Австралияның солтүстігінде тіршілік етеді.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...