Семейдегі сауда кешендерінің бірінде бутиктер өртенді. Оқиға орнындағы видеоны көру үшін мына сілтемеге өтіңіз. https://www.ktk.kz

Белгілі болғандай, 5 желтоқсан күні сағат 13:48-де өрт сөндіру қызметі пультіне Семей қаласының Жаңа-Семей сауда орталығының аумағында өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

«Жалпы алаңы 60 шаршы метр болатын сауда бутиктерінде өрт болды. Сағат 14:20-да өрттің өршу ықтималдылығы шектелді. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жүргізілмеді», — делінген ТЖК хабарламасында.

Өрт сөндіруге Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-нің 24 өрт сөндірушісі мен 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

 

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...