stan.kz

Тұңғыш президент күні балалы болған атышулы Айжан Байзакова желіде ұлымен түскен фотосуретін жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кетсек, 1 желтоқсан күні босанған Айжан Байзакова желідегі парақшасында босанғанға дейін перзентханада жүрген видеосын жариялап астына «Тұңғыш Президент күні босану? Қиын емес. Бүгін біздің алғашқы кездесуіміз болды. Достар, мен бір көргеннен ғашық болуға сенетін сияқтымын. Туған күніңмен, ұлым!», – жазған еді ол.

Желіде жағымсыз әрекеттерімен танылғанына қарамастан көпшілік блогерді ұлды болуымен құттықтап, жақсы ана атануына тілектес болып жатыр.

Көпшілік жазған лебіздердің арасында «Бауы берік болсын! Дені сау болсын!», «Құтты болсын, өзің де балаң да аман болыңдар!» деген сынды жазбалар көп.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...