Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың 43-ші президенті Джордж Уокер Бушқа әкесінің өліміне қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Елбасы АҚШ-тың 41-ші Президенті Джордж Герберт Уокер Буштың қайтыс болғаны туралы хабарға қатты қамыққан.

«Әкеңіз елінің нағыз патриоты болған, әрі Американың өркендеуіне зор үлес қосқан. Ол қырғи-қабақ соғыстың аяқталуына және жаһандық қауіпсіздікті сақтауға зор үлес қосқан аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде әлем тарихында өшпес із қалдырды. Қазақстан халқы Джордж Бушты екі жақты достық қарым-қатынасты орнатуға және оны нығайтуға көп күш жұмсаған дана саясаткер ретінде әрдайым есте сақтайтын болады»…

«Ол — біздің тәуелсіздігімізді алғаш мойындаған көшбасшылардың бірі. Джордж Буш екеуіміз жақсы дос болдық және жиі кездесіп тұратынбыз. Оның Техастағы резиденциясында, әсіресе 2006 жылы Кеннебанкпорттағы үйінде маған көрсеткен қонақжайлығын әрқашан жылы сезіммен еске аламын. Барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және бүкіл Америка халқына көңіл айтамын», — делінген жеделхатта.

АҚШ-тың 41-інші президенті үлкен Джордж Буш 30 қараша күні 95 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...