amazonaws.com

Қасиетті Мекке қаласының тұрғындары мен қала қонақтары аспаннан өте сирек кездесетін құбылысты байқаған. Бұл туралы Islam.kz хабарлайды.

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Меккеден адам сенгісіз құбылыс байқалған.

Қажылық өтеуге келген жұрт сол түні Айдың киелі Қағбаға перпендикуляр келіп, әл-Харам мешітінің үстіне тігінен жайғасқанын көріпті.

Бұл жайында Saudi Gazette мерзімді басылымы хабар таратқан екен.

«Бұл құбылыс мұсылманға намаз оқитын бағытын анықтауға көмектеседі»,- деп мәлімдеген Жидда қаласындағы астрономия қауымдастығының президенті Мәжит Әбу Зәһір.

Мұндай тосын құбылыс қалада соңғы рет 2012 жылдың соңында көрінген екен.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...