Семейдің ішкі істер басқармасына көшеде үш әйелді ұрған ер адам жайлы арыз түскен. Өз жөнімен кетіп бара жатқан әйелдерді белгісіз азамат бас салып ұра бастаған деп жазадыaltaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ер адам жүргінші әйелдерге жұдырық ала жүгірген. Содан соң оқиға орнынан ізін суытып отырған.

Ал бұл оқиғадан кейін желіде қала тұрғындарына ескерту жарияланды.

«Қыз-келіншектер сақ болыңыздар. Қалада ақыл-есінде ауытқуы бар адам пайда болды. Ол сол жағалауда әйелдерге көшеде шабуыл жасап, оқиға орнынан қашып кетеді. Есі дұрыс емес секілді. Ұзын бойлы ер адам. Әзірге басқа ақпараттар белгісіз», — деген хат желіде видеомен қоса таралып кеткен.

Қазіргі уақытта ер адамның үш әйелге шабуыл жасағаны айтылуда.

Ал ішкі істер басқармасы ер адамды құрықтағандарын мәлім етті.

Алайда басқа ақпарат әзірге құпия қалдырылған.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...